Қоғам

Павлодардағы алюминий зауытында екі жұмысшы зардап шекті

16 мамыр күні Павлодар алюминий зауытында №3 пештің кептіру аймағын тазалау кезінде материал қалдығының бір бөлігі опырылып құлаған.

Павлодар

Оқиға кезінде агломерация цехының екі қызметкері жұмыс жүргізіп жатқан. Соның салдарынан диірмен машинисі оң жіліншік сүйегін сындырып, ауруханаға жеткізілді. Ал екінші жұмысшының аяғының жұмсақ тіндері жарақат алған. Дәрігерлердің тексерісінен кейін ол үйіне жіберілген.

Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек дереу көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілген.

Оқиғадан кейін зауытты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына жауапты уәкілетті орган мамандары тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша қауіпті өндірістік нысанда апат белгілері анықталмаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз