Live

«Наурыз балы – 2026» – азаматтық қоғамды нығайтқан мәдени шара

Қоғамның дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, жастардың мәдени белсенділігімен, шығармашылық әлеуетімен де өлшенеді.

Бал

Азаматтық қоғамның маңызды белгілерінің бірі – осындай мәдени іс-шараларға жастардың кеңінен қатысып, қоғамдық өмірге белсенді араласуы.

Осы бағытта Теміртау қаласында Ұлыстың ұлы күніне орай алғаш рет “Наурыз балы – 2026” атты көркемдік-шығармашылық кеш өтті. Байқауға қала белсенділері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, сондай-ақ әскери бөлім сарбаздарынан құралған 50 жұп қатысты.

Салтанатты шараны Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кешке сондай-ақ 5516 әскери бөлімінің командирі Данияр Өсербаев құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Байқауға қатысушылар бір ай бойы кәсіби хореографтардан тәлім алып, тыңғылықты дайындалған. Сахнада вальс ырғағы мен ұлттық нақыш үйлесім тауып, кеш ерекше сән-салтанатқа бөленді. Әсем киінген жастардың өнері көрермендерге эстетикалық әсер сыйлады. Әсіресе сарбаздардың тәртіптілігі мен сымбаттылығы көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен бас жүлде 5516 әскери бөлімінің сарбазы, қатардағы жауынгер Ерасыл Асқар мен оның жұбы Мерей Толыбай иеленді. Олар “Наурыз балы – 2026” байқауының ханзадасы мен ханшайымы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұландықтар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, мәдени өмірге де белсенді үлес қосып, жан-жақты дамыған азамат екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз