Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:54, 12 Шілде 2024

Түркия ШЫҰ-ның тұрақты мүшесі болуға ниетті

а
Фото: Ақорда

Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) толыққанды мүше болуға ниетті. Бұл туралы Түркия лидері Режеп Тайып Ердоған НАТО саммитінің қорытындысы бойынша Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

«Қазір ШЫҰ-да бақылаушы болып отырған Түркияның мақсаты – ұйымға толыққанды мүше болу. Енді ол «Шанхай бестігіне» қосылуы керек», - деді.

Ердоған бұл мәселені Ресей Федерациясы мен Қытай басшыларымен талқылаған.

Ердоған 3-4 шілдеде Астанада өткен ШЫҰ саммитіне қатысты. Сапар қорытындысы бойынша ол ұйым аясында Ресей және Қытаймен қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін мәлімдеді.

ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин бұдан бұрын Түркияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше болғанына қарамастан, ұйымның басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмаған қызметіне белсенді түрде атсалысатынын айтқан болатын.

Оның айтуынша, Анкарамен өзара іс-қимыл ұйым жарғысында белгіленген қағидаттарға, «шанхай рухына» сәйкес келеді.