10:23, 27 Желтоқсан 2023
Қазақстанда автогаздың шекті бағасы бекітілді

Энергетика министрлігі мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
1 литр үшін ҚҚС-ты есепке алғанда ең жоғары бөлшек сауда бағасы:
Астана – 76 теңге;
Алматы – 81 теңге;
Шымкент – 64 теңге;
Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды облысы. – 76 теңге;
Жамбыл облысы – 71 теңге;
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары. – 64 теңге;
Павлодар облысы – 74 теңге.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.
Облыс орталығынан шалғайдағы (200 шақырымнан астам) елді мекендер үшін де шекті бөлшек бағалар бекітілді.