Қоғам

eGov Mobile-дағы ақауға не себеп болды?

eGov Mobile-дағы ақауға не себеп болды?21 тамызда қазақстандықтар электронды үкімет қызметтеріне қайтадан қол жеткізе алмай, қиындыққа тап болды. Бұл жолы ақау eGov Mobile қосымшасында байқалып, кей қолданушылар қажетті қызметтерді аша алмаған.

eGov Mobile

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдерінің түсіндіруінше, бұған сыртқы интернет-трафик белсенділігінің артуы себеп болған. Соның салдарынан Қазақстанның интернет-инфрақұрылымындағы қорғаныс тетіктері іске қосылып, кейбір мемлекеттік ресурстар уақытша қолжетімсіз болған.

Компанияның мәліметінше, қорғаныс жүйелері дер кезінде әрекет етіп, цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Қазір интернет-трафик қалпына келіп, барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мамандар жағдайды бақылауды жалғастыруда. ҰАТ мемлекеттік ақпараттық жүйелерде толыққанды техникалық ақау болғанын әзірге растаған жоқ.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті 21 тамызда сағат 12:30-дан 16:00-ге дейін өзінің цифрлық жүйелері де қолжетімсіз болғанын хабарлады. Кейін олардың жұмысы қайта қалпына келтірілген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз