Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:32, 01 Қазан 2024

«Үлкен жетілік» Ресейді Украина территорияларын аннексиялау туралы мәлімдемесінен бас тартуға шақырды

а
Фото: golosameriki

G7 елдерінің сыртқы істер министрлері мен ЕО өкілі Ресейдің Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарындағы анклавтарды аннексиялауының екі жылдығына байланысты бірлескен мәлімдеме жасады.

«Үлкен жетілік» елдері – АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Еуроодақ өкілі Ресейдің Украинаға тиесілі аумақтарды заңсыз аннексиялануының екі жылдығына байланысты бірлескен мәлімдеме жасады. 

Құжат авторлары Украинаны – оның аумақтық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін қолдап, «Ресейдің заңсыз агрессиясын, оның адам құқықтарын бұзуын және соғыс кезінде жасаған зұлымдықтарын, Украинаға жасалып жатқан қатыгез шабуылдарды барынша қатаң түрде айыптауды жалғастыратындарын» мәлімдеді. 

«Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі Ресейді БҰҰ Жарғысын және халықаралық тәртіптің негізін құрайтын негізгі принциптерді құрметтеуге шақыра отырып, халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелерін де солай етуге шақырамыз», - делінген құжатта.

Мәлімдеме авторлары «Үлкен жетіліктің» Украинаға саяси, әскери, қаржылық, экономикалық және гуманитарлық қолдауының үзілмейтінін атап өтті. 

Біріктірілген бұл шаралар БҰҰ Жарғысының қағидаттарына негізделген жан-жақты, әділ және тұрақты бейбітшілік үшін жағдай жасауға көмектеседі, деп түсіндіреді «Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер органдарының басшылары.

«Егер Ресей өз әскерлерін Украинаның барлық аумағынан халықаралық мойындалған шекараларынан дереу және толығымен шығарса, Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын, сондай-ақ Қырым Автономиялық Республикасын аннексиялау туралы мәлімдемесінен бас тартса, бұл агрессивті соғыс бүгін аяқталуы мүмкін», - деді G7 елдерінің сыртқы істер министрлері.