Қоғам

ШҚО-да жарықшамдар орнатып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Тексеруге құқық бұзушының өзі әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасы негіз болды.

Жол ережесі

Кадрда жеңіл автокөлік жүргізушісінің қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шыққаны, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету сияқты қауіпті маневрлер жасағанын көруге болады, сондай-ақ қызыл-көк түсті жарықшамдарды заңсыз пайдаланған.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Азаматқа қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Түпкілікті шешім қабылданғанға дейін оның автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды. Енді қауіпті жүргізуді ұнатқан азаматтың алдағы тағдырын сот шешеді. Қолданылуы мүмкін жауапкершілік шараларының бірі – көлік басқару құқығынан айыру. Полиция мұндай әдейі жасалатын өрескел құқық бұзушылықтар құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз