Әлеумет

1 шілдеден ипотеканың шекті мөлшерлемесі 20%-ға төмендейді

1 шілдеден бастап Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 20%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк қабылдаған бірлескен қаулыда айтылған.

Пәтер

Жаңа құжат 16 мамырдан бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап елдегі бірқатар несие түрлері бойынша ең жоғары мөлшерлемелер қайта бекітіледі.

Атап айтқанда:

– ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 25%;
– кепілсіз банктік несиелер бойынша – 46%;
– кепілмен рәсімделетін қарыздар бойынша – 35%;
– микрокредиттер бойынша – 46%.

Сондай-ақ 45 күнге дейін берілетін қысқа мерзімді микрокредиттерге жеке шектеу енгізілді. Енді олардың мөлшерлемесі тәулігіне 0,3%-дан, ал жылдық есеппен 179%-дан аспауы тиіс.

Ал ипотекалық несиелер бойынша жаңа шекті мөлшерлеме 1 шілдеден бастап 20% деңгейінде белгіленеді.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотекалық мөлшерлемелерді бастапқы жарна көлеміне қарай саралау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын.

Дегенмен қазіргі қабылданған қаулыда мөлшерлеменің мұндай екі деңгейлі жүйесі әзірге енгізілмеген. Алайда бұл өзгерістер 1 шілдеге дейін толықтырылуы мүмкін.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз