Қоғам

1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс әуе бағыты іске қосылады

Қазақстан Өзбекстанмен жаңа әуе бағытын ашты.

а

Сөйтіп, Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567 рейске дейін жеткен. 

Uzbekistan Airways әуе компаниясы 1 маусымнан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағында орындалады. Қолға алынған бұл шаралар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде, делінген хабарламада.

Фото: ортком

Тегтер: өзбекстан
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз