Қоғам

1-сыныпқа қабылданған балалардың 70 пайызы қазақ тілінде оқуға ниетті

Жаңа 2024-2025 оқу жылында 1-сыныпқа қабылданған балалардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

п

 Жаңа оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданған. 

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.

2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.

Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде.

Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз