Саясат

100 млн теңге: Ақтөбеде тұрғын үй бөлімінің басшысы ұсталды

Ақтөбеде тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қамауға алынды. КТК арнасының хабарлауынша, алаяқтық ісі бойынша айыпталған Жанаргүл ДҮЙСЕКЕНОВА тергеу жұмыстары аяқталғанша екі ай бойы абақтыда болады.

100 млн теңге: Ақтөбеде тұрғын үй бөлімінің басшысы ұсталды

Бұл жолғы күдіктііс те сыбайластыққа байланысты. Шенеунік сыбайластарымен бірге бұған дейінотыздан астам адамды алдап кеткен. Негізінен үй кезегінде тұрған тұрғындардыңкезегін алға жылжытып беруге және мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алыпберуге уәде беріп, сол үшін ақша алып отырған. Қазіргі нақтыланбаған есепбойынша күдікті жәбірленушілерден жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам ақшаалған.

Дегенмен, күдіккеілінген бөлім басшысы мүлдем келіспейді. Ал сыбайласы ретінде күдікке ілініпотырған Гүлайым НҰРМҰХАНОВА да бұрын әкімдікте істеген. Кейін халыққақызмет көрсету орталығына ауысыпты.

— Өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтықжасағаны үшін күдікті деп танылған Дүйсекенова Жанаргүл Балғазықызына қатыстыекі ай мерзіміне, яғни 2019 жылдың 10 маусымына дейін күзетпен ұстау түріндегібұлтартпау шарасы санкцияланды, — дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөзхатшысы Анар Айтжанова.

Фото: inform.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз