Шымкентте карантин ұзартылды
Қалада кәсіпорын, мекемелер мен саудаорындарының жұмыс уақытына өзгеріс енгізілді.
Сондай-ақ, бетпердесізжолаушыларды қоғамдық көліктерге отырғызбайды
Қаланың бас санитар дәрігеріӘбдіманап Төлебаевтың қаулысымен, Шымкенттегі карантин мерзімі мен шектеушараларының мерзімі 8 маусымнан 22 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мұндайшешім қаладағы коронавирус инфекциясымен сырқаттану көрсеткіші 3,7% өсуінебайланысты қабылданды.
Қаладақандай шектеулер енгізілді
· Тұрғындардан қоғамдық орындар менқалалық қоғамдық көліктерде және қызметі рұқсат етілген нысандарда бетперделермен қолғаптар киіп жүру талап етіледі;
· Аса зәрулік туындамаған жағдайда қалаішінде еркін қозғалысты шектеу;
· Бетпердесіз жолаушылар қоғамдықкөліктерге отырғызылмайды;
· Барлық базарлардың жұмыс уақыты сағат06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектеледі;
· Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысуақыты 23.00-ге дейін бекітілді;
· Сауда-ойын орталықтары мен оныңаумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдары, мұз алаңдары менбатут және фудкорттардың ашылуына әлі де тиым салынды;
· Шомылу мен демалыс орындарында адамдардыңшоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау міндеттелді.