Әлеумет

БАҚ-тар да коронавирусқа байланысты мемлекет тарапынан қолдауға ие болды

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі АидаБалаева коронавирус инфекциясына байланысты жарияланған пандемия кезеңіндеотандық БАҚ қызметіне көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтты.

БАҚ-тар да коронавирусқа байланысты мемлекет тарапынан қолдауға ие болды

 

Министрдің айтуынша, пандемия салдарынан бұқаралық ақпарат құралдары даүлкен экономикалық қиындықтарға тап болып отыр.

— Дағдарысқа қарсы шаралар аясында ҚР Парламенті 2020 жылғы 1 сәуірденбастап 1 қазанға дейінгі кезеңде салықтардан және жалақыдан ұсталатын міндеттіаударымдардан босатуды қарастыратын түзетулері мен өзгерістері бар заң жобасын мақұлдады, — дедіАида Балаева халық алдында есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, Мәжіліс коммерциялық теледидарлар мен радиоарналардыаналогтық және жер үсті сандық хабар тарату қызметтері үшін алынатынтөлемдерден 2020 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында босатудықарастыратын заң жобасын қабылдады.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз