Әлеумет

Каспийдегі әскери қызметшілердің өлімі: 8 лауазымды тұлға қамауда отыр

Каспийдегі әскери қызметшілердің өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын. Бұл іс бойынша 8 лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынған.

сарбаз

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан аса сараптама жүргізілген.

Күдіктілер қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деп айыпталып отыр. Қамауға алынғандар арасында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, бөлім командирлері мен катер капитаны бар.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін аяқтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін іске қатысы бар адамдар қылмыстық іс материалдарымен таныса алады.

Істің барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз