Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:17, 10 Қазан 2024

11 журналист ісі: Temirov Live жобасының жетекшісі 6 жылға сотталды

f
Фото:rus.azattyk

Temirov Live жобасының жетекшісі Махабат Тәжібек қызы алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Ленин аудандық сотының судьясы Қылычбек Истамқұлов Temirov Live арнасының қазіргі және бұрынғы журналистеріне қатысты үкім шығарды. Олар жаппай тәртіпсіздікке шақырды деп айыпталуда, деп хабарлайды Kloop-қа сілтеме жасап.

«Temirov Live» жобасының жетекшісі Махабат Тәжібек қызы алты жылға, ал «Айт Айт десе» жобасының авторы, ақын Азамат Ишенбеков бес жылға сотталды.

Ал, журналистер Ақтілек Қапаров пен Айка Бейшекеева үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша қалған айыпталушылар қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Kloop тілшісінің хабарлауынша, үкімді тыңдау үшін сот залына бірнеше журналист ғана кіріп үлгерген.

Бұған дейін мемлекеттік айыптау іс бойынша барлық айыпталушыларды алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Temirov Live компаниясының қазіргі және бұрынғы 11 қызметкері 16 қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыппен ұсталды. Іс бойынша айыпталушылардың барлығы тағылған айыппен келіспейді.