Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:45, 26 Ақпан 2024

1,2 млрд теңге. Алматы Мәдениет басқармасының қызметкерлері жазаға тартылуы мүмкін

Мәдениет басқармасы
Фото: из открытых источников

Алматыдағы Мәдениет нысандарын тексеру барысында аудиторлар 1,2 млрд теңгені құрайтын заң бұзушылықтарды анықтады.

Оның ішінде бюджеттің жарты миллиардқа жуығы тиімсіз жұмсалған. Бірақ сонда да жыл сайын мәдениет саласын қаржыландыру артып келеді. Бұл туралы bes.media telegram каналы жазды.

Алматы Тексеру комиссиясы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі мәдениет саласындағы бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитін жариялады.

Аудиторлар мына нысандарды тексерген:

  1. «Алматы қаласының Мәдениет басқармасы»;
  2. «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»;
  3. «Алатау дәстүрлі өнер театры»;
  4. «Алматы қаласының мұражайлар қауымдастығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
  5. «Қазақ мемлекеттік циркі» және т.б.

Тексеру барысында мемлекеттік аудит 1,2 млрд теңгені құрайтын заң бұзушылықтарды анықтаған. Бірақ Алматыдағы мәдени нысандарды қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2021 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 10,5 пайыз, 2022 жылы 28,2 пайызға өкен.

«Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»

Алматы қаласының орталық кітапхана жүйесіне 1,7 миллион дана кітаптар мен брошюралардың жалпы қоры бар 28 кітапхана кіреді. Кітапханада жалпы қордың төрттен бір бөлігінің жетіспеушілігі анықталды. Ең көп тапшылық No37 филиалда. Түгендеу барысында 785 сирек кездесетін кітаптар анықталып, олар Алматы қаласының мемлекеттік мұрағатына уақытша сақтауға жіберілді.

Тексеру көрсеткендей, кітапханаға сағатына келушілер саны артығымен бағаланғаны, кітапханаларда келушілерді автоматты түрде тіркеу жүйесі немесе бірыңғай электронды кітапхана картасы жоқ екендігі белгілі болған.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры»

Ең көп заң бұзушылықтар «Алатау» театрында анықталған. 2020-2022 жылдар аралығында 724 орындық концерт залын беру кезінде негізсіз жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ кейбір жағдайларда зал тегін берілген. Аудиторлардың қайта есептеуінде 7,1 млн теңге табыс болатын қаржыны анықтаған. Театр сонымен қатар кинотеатр қызметтерін көрсетеді, бірақ билет сатылымы төмен. 98 орындық зал 2022 жылдың 19 қарашасынан бастап Dolby медиа блогының істен шығуына, сондай-ақ экран беті мен орындықтардың тозуына байланысты жабылған. Аудиторлар 2020 жылдан 2022 жылға дейін кино қызмет көрсетуге бөлінген 44,8 миллион теңге қаржы тиімсіз жұмсалған деген қорытындыға келген. Мемлекеттік аудит билеттерді тегін сату фактілерін анықтаған. Сонымен қатар, концерттерге, театрландырылған қойылымдарға, айтыстарға билеттерді сату кезінде билет бланкілерінің қатаң есебі жүргізілмеген, оларды сатуға шот-фактуралар болмаған. Бір қызығы, 2021-2023 жылдары «Алатау» дәстүрлі өнер театрын Ринат Зайытов басқарды.

«Алматы қаласының мұражайлар қауымдастығы»

Тексеру барысында музейлер бірлестігінің жарғысында көзделген қызметтің кейбір түрлері орындалмай жатқаны анықталды. Мысалы, музей 6 жыл бойына экспонаттарды фото және видеоға түсірмеген. Тексеру барысында алынған 18,9 млн кіріс бюджетке өтелген.

«Қазақ мемлекеттік циркі»

Циркте аудиторлар 2017 жылдан бастап билеттер тек Ticketon сервисі арқылы, сондай-ақ оффлайн – кассада сатылғанын анықтаған. Сонымен қатар, инспекторлар цирктің жарғысында мұндай қызмет түрі қарастырылмағанымен, жалпы сомасы 1,4 миллион теңгеге басқа да іс-шараларды өткізуге орын бергенін анықтаған.

Аудиторлар орындалмаған жұмысқа мынадай шығын шыққанын анықтады:

  • «Алматы қаласының Мәдениет басқармасы» – жалпы сомасы 23,6 млн.теңге;
  • «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» – 18,5 млн.теңге;
  • «Алатау дәстүрлі өнер театры» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – 19,7 млн.теңге;
  • «Алматы қаласының мұражайлар қауымдастығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – 17,9 млн.;
  • «Қазақ мемлекеттік циркі» мемлекеттік кәсіпорны – 4,2 млн.теңге.

Қысқаша айтқанда, бірнеше заң бұзушылықты анықтаған аудиторлар 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін Алматы қаласы Мәдениет басқармасының лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау керек екенін ұсынған.

Айта кетейік, Jas Alash порталы бұған дейін Алматы Мәдениет басқармасының орынбасырын антикор тексеріп жатқаны туралы көлемді зерттеу жариялаған болатын.

Бірақ антикор мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаевтың қай орынбасары тергеліп жатқанын ашып айтпаған болатын. Jas Alash порталы жолдаған сауалнамаға кейіннен антикор жауап берген еді.