Бүгін, 15:59
1200 тұтқын мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

Қазақстанда есірткі қылмысы үшін жаза өзгерді. Заң есірткі сатушылардың жаза мерзімін қысқартты
Енді түрмеде отырған жас есірткі сатушылар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады. Ресми мәлімет бойынша, қазір түрмеде 16 мен 30 жас аралығындағы 1200-ге жуық есірткі сатушы бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлім етті.
Полиция қызметкері өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы есірткі қылмысымен күресті одан әрі жетілдіру мәселелері туралы заңға қол қойғанын еске салды. Ол 3 наурызда күшіне енді.