Азамат Есқараев Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Президенттің баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада:
"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", – делінген.
Есқараев 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 мекемесінде жұмысшы болып еңбек еткен. Сол жылы коммерциялық сауда саласында да жұмыс істеген.
2000–2005 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма бастығының орынбасары, бөлім және басқарма бастығы қызметтерін атқарған.
2005–2006 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы болды.
2006–2007 жылдары Астанадағы "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.
2007 жылы Әділет министрлігінде құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесші, Ішкі әкімшілік департаментінің маманы болып жұмыс істеді. Кейін Әділет министрінің көмекшісі болды.
2008–2009 жылдары Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментін басқарды.
2009–2014 жылдары Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры болды.
2014–2019 жылдары Премьер-министр Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылғы 26 шілдеден 2023 жылғы 4 қаңтарға дейін Премьер-министр Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі болды.
2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды. Кейін 2023 жылғы 4 сәуірде және 2024 жылғы 6 ақпанда бұл қызметке қайта тағайындалды. Министр қызметін 2025 жылғы 9 қаңтарға дейін атқарды.
2025 жылғы 7 сәуірден бастап Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
2026 жылғы 10 шілдеден 5 қазанға дейін Қазақстанның Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды.