Саясат

16,02 % бұрын-соңды оппозиция бұндай дауыс жинай алмады

Елорда бюрократтардың қаласы емес, демократтардың қаласыекен. «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысынан түскен Әміржан ҚОСАНОВ астанада даөзінің қолдаушыларының көп болғанын айтты.

16,02 % бұрын-соңды оппозиция бұндай дауыс жинай алмады

Бүгін астанада Әміржан Қосановтың сайлауалды штабынажурналситтер мен қоғамдық белсенділер келіп өз сұрақтарын қойды. ЖиналғандарОрталық сайлау комиссиясының нақты нәтижесі шықпай жатып, Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫқұттықтауын түсіне алмайтынын айтты.

«Қазақ оппозициясыпсихологиялық кедергіден өтті. Серікболсын ӘБДІЛДИН, Жармахан ТҰЯҚБАЙренжімесін. Олар бұндай дауыс жинаған жоқ. Мені 1 472 733 адамқолдады. Неге осы қолдауды пайдаланып парламенттік сайлауға түспеске. Көпсындар айтылып жатқанын білемін. Менің саяси өлік болам ба, болмаймын ба оныуақыт көрсетеді», — деді саясаткер.  

Сондай-ақ,саясаткер сайлауда болған заң бұзушылықтарды штабының тіркеп жатқанын айтты.Бұл мәселе жай қалдырмайтынын мәлімдеді.

Фото: azattyk.org

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз