Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:15, 06 Маусым 2024

162 блогердің кірісі мен шығысы арасындағы алшақтық анықталды

Такиев
Фото: Үкімет

Қаржы министрі Мәди Тәкиев «AFM Online 2024» пікірталас алаңында алаяқтармен және көлеңкелі экономикамен күресу саласында белсенді жұмыс істеуге шақырып, интернетте адал бизнес жүргізудің маңызды екенін айтты.

Атап айтқанда, Қаржы министрлігінің басшысы 20 мыңнан астам жазылушысы бар 745 блогердің статистикасын келтірді.

Тек 162 блогердің кірісі мен шығысы арасындағы алшақтық 1,1 млрд теңгені құрап отыр, деді М.Такиев.

Айта кету керек, экономикалық қылмыстардың алдын алу және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды шара жалпы саны 10 миллионнан астам жазылушысы бар блогерлердің басын қосты.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда jнлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заң күшіне енген болатын.