Саясат

«20 жылдан кейін Арменияны Еуроодақ құрамында көремін»: Пашинян мәлімдеме жасады

"20 жылдан кейін Арменияны Еуроодақ құрамында көремін": Пашинян мәлімдеме жасады

Пашинян

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елінің алдағы 20 жыл ішінде Еуропалық одаққа мүше болатынына үміт білдірді.

Пашинян бұл туралы Ирландия астанасы Дублинде өткен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, Арменияның стратегиялық мақсаты – Еуропалық одаққа қосылу.

«Мен 20 жылдан кейін Арменияны Еуропалық одақтың құрамында көремін», – деді премьер-министр.

Дегенмен Пашинян нақты мерзімге кепілдік берген жоқ. Оның мәлімдемесі Арменияның ұзақмерзімді сыртқы саяси бағытын көрсетеді.

2025 жылғы наурызда Армения парламенті елдің Еуропалық одаққа қосылу процесін бастау туралы заң қабылдаған. Алайда бұл құжат Арменияға ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесін бермейді.

Ереван алдағы жылдары Еуроодақпен саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді, сондай-ақ визасыз қатынас орнатуды көздеп отыр.

Айта кетейік, Армения әлі де Ресей жетекшілік ететін Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі. Пашинян бұған дейін Еуропалық одаққа интеграция мен ЕАЭО құрамында қалу мәселесі белгілі бір кезеңде саяси таңдау жасауды талап етуі мүмкін екенін айтқан.

Арменияның Еуропалық одаққа қосылуы үшін елдің ресми өтініш беруі, мүшелік талаптарын орындауы және ЕО-ға мүше мемлекеттердің келісімін алуы қажет.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз