Қоғам

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

Қазақстанда 2033 жылға дейін табиғи ортаға тағы 10 жолбарыс жіберу көзделген.

Амур жолбарысы

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Алайда оның айтуынша, жоспар жануарлардың жаңа аумаққа бейімделуіне және өзге де факторларға байланысты жүзеге асады.

Министрдің сөзінше, жолбарыстардың табиғи жолмен көбейіп, өздігінен таралуы үшін олардың саны шамамен 50 басқа жетуі керек.

Бұл межеге алдағы 15-20 жылда жету жоспарланған. Дегенмен мақсатқа одан да ертерек қол жеткізу мүмкіндігі бар.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз