Қоғам

Ақмола облысында қызметтік міндетін атқарып жүрген полицей жол апатынан қаза тапты

Ақмола облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде полиция капитаны Данияр Таев көз жұмды.

Жол апаты

Ол қызметтік міндетін атқарып, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан арнайы техниканы алып жүрген.

Алдын ала мәлімет бойынша, JAC пикапының жүргізушісі жылдамдықты асырып, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан полицей мінген көлікпен соқтығысқан. Ауыр жарақат алған Данияр Таев ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. JAC жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз