Қоғам

Алматыда әйелін балаларының көзінше аса қатыгездікпен өлтірген бұрынғы полицей 15 жылға сотталды

Алматыда бұрынғы полиция қызметкері азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі

Қайғылы оқиға былтыр мамырда ерлі-зайыптылардың жанжалы кезінде болған. Ер адам балалардың көзінше әйеліне пышақпен 39 рет жарақат салған. Одан кейін өзіне қол жұмсамақ болғанымен, аман қалған.

Сот отырысында айыпталушы қылмысқа аффект жағдайында барғанын және болған жайтты тек ауруханада есін жиған соң түсінгенін айтқан. Алайда сот оның бұл уәжін қабылдамады.

Бұрынғы полицей аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейтін болды. Сонымен қатар марқұмның отбасына моральдық зиян үшін 10 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ерлі-зайыптының артында үш бала қалды. Марқұмның туыстары соттан айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Дегенмен үкім жарияланғаннан кейін сот шешіміне көңілдері толатынын мәлімдеді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз