Песков Тоқаевтың Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымының жұмысына қатыстыру туралы ұсынысына пікір білдірді
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Д.Песков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымының жұмысына қатыстыру туралы ұсынысына пікір білдірді.
Песковтің айтуынша, Ресейде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары мекендейтін бірнеше өңір бар. Сондықтан оның пікірінше, Ресейдің ұйым жұмысына қатысуы орынды болар еді.
"Ресейдің мұндай ұйымның жұмысына қатысуы түсінікті, орынды әрі заңды болар еді", – деді Кремль өкілі.
Сонымен қатар Песков Ресейге әзірге ұйымға қосылуға қатысты ресми шақырту түспегенін атап өтті.