Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды
Ресейдің Мәскеу облысындағы Домодедово ауруханасына маймыл шешегін жұқтырған 38 жастағы ер адам түсті.
Ол шетелден оралғаннан кейін дене қызуы көтеріліп, лимфа түйіндері қабынып, денесінде бөртпе пайда болған.
Зертханалық талдаулар ер адамнан маймыл шешегі вирусын анықтаған. Қазір жағдайға Роспотребнадзор мамандары да араласып жатыр.
Baza басылымының мәліметінше, соңғы бір айда Домодедово ауруханасына осы инфекциямен үш адам түскен.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.