Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты
Ұшақ Техас штатындағы Остин қаласынан Багам аралдарына бағыт алған. Алайда діттеген жеріне жете алмай, Флоридада апатқа ұшыраған. Борттағы тоғыз адамның барлығы көз жұмған.
The Washington Post басылымы радиобайланыс жазбаларына сілтеме жасап хабарлағандай, апат алдында ұшқыш диспетчерлерге ауа райының қолайсыздығы, жаңбыр, мұз қату және турбуленттілік туралы ескерткен. Кейін ол апаттық дабыл берген.
Радиобайланыс жазбасында ұшқыштың: "Біз қазір жерге құлаймыз… Уақытымыз қалмады", – деген сөзі сақталған.
Қазір апаттың себептері анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.