14:52, 06 Мамыр 2024
25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим орнайды
2024 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам мемлекетінің арасында визасыз режим күшіне енеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады Zhasalash.kz сайты.
2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында (Вьетнам) қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді, делінген хабарламада.
Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық паспорттардың иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді. Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.
Фото: pixabay