30 маусымда Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.