Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:44, 13 Желтоқсан 2023

40 градус аяз: СҚО-да 12 адамды үсік шалды

СҚО
Фото: из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысында аяз басталғалы бері 12 адамды үсік шалған, бұл туралы қалалық көпбейінді аурухана дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлады Zhasalash.kz.

Дәрігерлердің сараптамасынан кейін олардың 5-і ауруханаға жатқызылды. Суықта дала кезіп, қатты тонып қалғандардың көбі аяқ-қолдарын үсіріп алған. Қазір науқастар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды. Кейбіріне операция жасалуы мүмкін. 

Төтенше жағдайлар департаменті адамдарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Ауа температурасы кей жерлерде 35-40 градусқа дейін төмендеді.

«Аязды күні жолға шығып, көлігі сынған азаматты үсік шалды. Бұл тізімде мал іздеп, ермек үшін балыққа барғандар, ішімдік ішкендер және тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар да бар. Қазір ауруханаға жатқызылған науқастар ем қабылдап жатыр», - деді қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.