Саясат

Абай облысында алтынды заңсыз өндірді деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды

Құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген күдіктілердің арасында шетелдіктер де бар, деп хабарлайды ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Абай облысында алтынды заңсыз өндірді деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері0 «Еділбай» учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндіріп, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Бұл дерек ҚК-тің 287-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды. Ұсталған 13 «алтын іздеушінің» 7-уі шетелдік,

— делінген хабарламада.

Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 келіден астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар мен өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді.

Ұсталған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен заңсыз цехтардың иесі жергілікті тұрғын болып шықты.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз