Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:05, 22 Желтоқсан 2023

Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жастағы бала табылмай жатыр

Абай
Фото: из открытых источников

Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz. 

Бала 22 желтоқсан күні 12:54-те Таскескен ауылында өзен мұзының астына түсіп кеткен. 

«5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен. Осы сәтте екінші бала ересектерге көмек сұрауға жүгірді», – делінген хабарламада.

Куәгерлер өздерінің учаскелік инспекторына қоңырау шалды. Ол дереу оқиға орнына барып, құтқарушыларды шақырды.

«Баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақтағы су қоймаларында мұздың қалыңдығы қазір 3 см-ге жетпейді», – делінген хабарламада.