Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:18, 28 Ақпан 2024

Астана тұрғыны жол бойындағы жұмысшыға шабуыл жасады

астана
Фото: из открытых источников

Астанада Кенен Әзірбаев көшесінің бойынша ер адам көше бойын тазалап жүрген жұмысшыға шабуылдаған. Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде таралып кеткен. 

Жұмысшы қашуға тырысқанымен, ер адам оны көшенің арғы бетіне өтіп ұстап алады. Жұмысшыны жұлқылап, тізерлеуге мәжбүр еткенін де көруге болады.

Пост авторы жанжалға не себеп болғанын айтпады, бірақ жазылушылар ер адамның әрекетіне қатты ашуланды. Кей пікірлерді ұсынамыз:

"Байғұс, жақсы өмір сүргеннен күрекпен қала тазалап жүрген жоқ қой. Беделді достары жоқ қарапайым адам. Осындай адамға тиісу деген…, өзіне теңді таба алмады ма", " тауып жазалауын сұраймыз" деген секілді пікірлер жазды.

Оқиғаға қатысты Астана полициясы түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында жүргізуші мен жұмысшы арасында жанжал болғанын көрдік. Полиция қызметкерлері олардың кім екенін анықтады. Жұмысшы ешқандай шара қолданбауды өтінді. Олармен сөйлесіп, түсіндіру жұмысы жүргізілді", - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Тегтер: