Саясат

Әбдіқалықова Әзірбайжанға барды

Премьер-министрдің орынбасарыГүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА 2-4 шілде аралығында Әзербайжан Республикасына жұмыссапарымен барды.

Әбдіқалықова Әзірбайжанға барды

Сапар барысында Әзербайжан премьер-министріНовруз МАМЕДОВПЕН кездесіп, Әбдіқалықова Қазақстандағы президент сайлауыныңнәтижелері, жаңа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ сыртқы және ішкісаясатының басымдылығы және олардың Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бағытыменсабақтастығы туралы әңгімелеп, Әзербайжан Үкіметінің басшысын 2019 жылғы қазанайында Елордада өтетін қалалық туризм бойынша сегізінші Жаһандық саммитке шақырды.

Сондай-ақ, вице-премьер ӘзербайжанныңМәдениет министрі Абульфаз ГАРАЕВПЕН кездесті. Тараптар мәдениетаралық диалог,тарихи-мәдени мұраны сақтау, бірлескен мәдени-рухани жобаларды ілгерілетусаласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Одан әрі вице-премьерӘзербайжанның Жазушылар одағына барып, елдің көрнекті зиялы қауым өкілдеріменкездесті. Кездесуде Халық жазушысы А.Рзаев, Әзербайжан «Пен» Клубыныңпрезиденті, Халық жазушысы Ч.Абдуллаев, Халық әртісі, кинорежиссер О.Миркасимовжәне Г.Алиев атындағы «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамының президенті,профессор Э.Гюнайдын болды.

Г.Әбдіқалықовасұхбаттасушыларды Үшінші жаңғыру аясында Қазақстанда жүріп жатқан өзекті үрдістерментаныстырды. Өзгерулердің негізі қоғамның рухани жаңғыруы болып табылатынын атапөтті. Тілдері мен мәдениеті жақын, ортақ түркі тамыры бар екі ел арасындағыгуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша пікір алмасу орын алды.

Сапар аясында вице-премьер 30маусым мен 10 шілде аралығында Бакуде өтетін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұракомитетінің 43-ші сессиясына қатысты.

Пленарлық отырыста сөйлегенсөзінде қазақстандық делегация басшысы Комитет мүшелерін еліміздегітарихи-мәдени мұраларды, атап айтқанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғалуытуралы хабардар етті. Вице-премьер Түркістан қаласын дамытудың жаңа жоспарыоның облыс орталығы мәртебесін алумен байланысты қабылданғанын және саны артыпкеле жатқан қала тұрғындарының, туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруғабағытталғанын атап өтті. Ол құжат ЮНЕСКО талаптарына сәйкес әзірленгенін жәнекесененің жоғары халықаралық мәртебесін ескеретінін атап өтті.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз