Абылайхан Жүсіпов "өзбек боксшысы тістеп алды" деген өтініштен кейін Азия чемпионы атанды
IBA және ASBC ұйымдары 71 кг салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіповтың өзбек спортшысымен ақтық жарысын қайта қарап, оны Азия чемпионы деп таныды.
Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар.
"Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі", — делінген хабарламада.
Абылайхан чемпион атанды. Оны тістеп алған өзбек боксшысы спорттан уақытша шеттетілді.