спорт

Таеквондошы Темірлан Тілеулес Азия ойындарында жеңіске жетті

Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды.

Темірлан

Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.

Тамирлан бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Кездесудің қорытындысы бойынша Тілеулес 2:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.

Осылайша Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз