Саясат

Әбішев ісі: Сарапшылар қателігі

Елордадаауданаралық мамандандырылған сотта Ислам Әбішев пен Серік Түкиев ісі бойынша материалдарғазерттеу жүргізіліп жатыр.

Әбішев ісі: Сарапшылар қателігі

Бұған дейін куәгерлердің сөзі толық тыңдалып,айыптаушы жағынан келген 20-ға жуық куәгер Ислам Әбішевтің пайдасына жауап бергенболатын. Бүгін 28 томнан тұратын тергеу нәтижелерінен қателіктер табылды.Адвокаттар сот отырысының басында айыпталған азаматтардың ісін қылмыстың жеңілтүріне ауыстыруды сұраған. Прокурордың қарсылығынан кейін судья Қ.Мекемтас бұлөтінішті қабылдамады. Одан кейін аталған іске байланысты Шығыс Қазақстаноблысының сот сараптама институтының сарапшысы, Құдайбергенованың жасағансараптамалары ресми түрде заңсыз деп табылды. Сарапшының методикалықкемшіліктер жіберуіне байланысты бұл үкімді Республикалық сот сараптамасыинституты шығарған. Азаматша Құдайбергенова бұл ісі үшін тәртіптікжауапкершілікке тартылғаны жарияланды. Ал адвокаттар сараптаманы мемлекеттік тілдіжақсы меңгерген Шымкент қалалық сот сараптама институтына жіберуді сұрап отыр.

Тергеу нәтижелерінеқатысты құжаттарда химиялық сараптау кезінде 2019 жылдың 14 наурыз күні  Шыңдәулетов жеткізуі тиіс болған чемодандысол қолымен ұстаған,  саусақ іздеріанықталды деп көрсетілген. Ал бейнетаспада Шыңдәулетовтың оң қолының саусақ іздерітексерілген. Сол қолында ешқандай күмән тудыратын белгілер болмаған.

«ЧемодандыШыңдәулетовтен бұрын Шаймерденов 3 күн бойы ұстап жүрген. Осыдан соң саусақіздерін анықтауға арналған арнайы бояу 3 күн бұзылмай сақталып тұрған деп айтаалмаймыз», — дейді адвокат Мәкіш Есқараев.

Бұдан бөлек,адвокаттар судьядан тергеу кезінде олқылық жібергені үшін Ұлттық бюроқызметкерлерін жауапқа тартуды және сараптама қорытындысының құжаттарынақайтадан комиссиялық сараптама жасауды өтінген. Алайда судья Қажымұқан Мекемтасөтінішті жауапсыз, ашық күйде қалдырды. 26 қараша күні өтетін келесі сототырсына өзге де сарапшылар шақырылады. Бұған қоса, адвокаттар құрамы толығуымүмкін екендігі хабарланды.

Фото әлеуметтік желіден

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз