Саясат

ҰҚШҰ Арменияны дауыс беру құқығынан айыруы мүмкін

Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) екі жылдан астам уақыт бойы міндетті жарналарын төлемеген.

ҰҚШҰ

Осыған байланысты Ресей Ереванға қатысты ұйым жарғысының 25-бабын қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Бұл бапқа сәйкес, қарызы бар мемлекеттің азаматтарын ҰҚШҰ аясындағы квоталық лауазымдарға ұсыну құқығы тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ берешек толық өтелгенге дейін ел ұйым органдарында дауыс беру құқығынан айырылады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл мәселеге қатысты елдің ҰҚШҰ-мен байланысты мүдделері таусылғанын мәлімдеді.

"Біржола мәлімдегім келеді... ҰҚШҰ-ға қатысты ортақ  мүдделеріміз қалмады. Енді бұл ұйыммен байланысты ешқандай мүддеміз жоқ", – деді ол.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: ҰҚШҰ Армения
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз