Саясат

Айнұр Әбдірахманова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Айнұр Әбдірахманова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Айнұр Әбдірахманова

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айнұр Әбдіғақарқызы Әбдірахманова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Айнұр Әбдірахманова бұған дейін, 2024 жылдан бастап, Әлеуметтік көмек департаментінің директоры қызметін атқарған.

2022 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаменті директорының орынбасары болған.

Ал 2020 жылдан бастап "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-да басқарма басшысы және бас сарапшы қызметтерін атқарған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз