ABU DHABI OPEN: Елена Рыбакинаның қанша сыйақы алғаны белгілі болды
Үлкен теннистен БАӘ-де өткен WTA 500 турнирінде Елена Рыбакина Ресей теннисшісі Дарья Касаткинаны 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.
Оның жарыс жолындағы қарсыластары мынадай нәтиже көрсетті.
1/8 финал. 🇺🇸Даниэль Коллинс (71) 4:6, 6:3, 6:3
1/4 финал. 🇪🇸Кристина Буча 6:1, 6:4
1/2 финал. 🇷🇺Людмила Самсонова 6:0, 4:6, 6:2
Финал. 🇷🇺Дарья Касаткина 6:1, 6:4.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшымыз 142 000 $ (63,3 млн теңге) көлемінде сыйақы алды.
Жеңістің арқасында Елена жалпы рейтингте 5-орыннан 4-орынға көтерілді.
🇵🇱Ига Швентек — 9 770 ұпай
🇧🇾Арина Соболенко — 8 905 ұпай
🇺🇸Коко Гауфф — 7 200 ұпай
🇰🇿Елена Рыбакина — 6 088 ұпай
🇺🇸Джессика Пегула — 5 705 ұпай
Енді отандасымыз келесі аптада Қатардағы WTA Qatar Open 1000 бәсекесінде бақ сынайды.