Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:10, 10 Қазан 2024

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері анықталды

и
Фото: Han Kang. Ill. Niklas Elmehed © Nobel Prize Outreach

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы оңтүстік кореялық жазушы Хан Ганға берілді. Бұл сыйлық жазушыға «тарихи жарақаттарға қарсы тұрып, адам өмірінің әлсіздігін ашып көрсететін әсерлі поэтикалық прозасы үшін» берілді.

Өз шығармаларында Хан Каң тарихи жарақаттар мен көрінбейтін ережелер жиынтығына қарсы тұрып, әр туындысында адам өмірінің әлсіздігін ашып көрсетеді. Ол дене мен жанның, тірілер мен өлілердің арасындағы байланыстарды терең түсінеді және өз поэтикалық әрі эксперименталды стилімен қазіргі заманғы прозаның жаңашылына айналды, делінген хабарламада.

Мәтінде жазушы үшін халықаралық серпіліс әкелген еңбектерінің бірі ретінде комитет "Вегетарианка" романын атап өтеді.

Айта кетейік, 2024 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары 7-14 қазан аралығында анықталады, атап айтқанда:

7 қазан - физиология және медицина,
8 қазан – физика,
9 қазан – химия,
10 қазан – әдебиет,
11 қазан - бейбітшілік,
14 қазан - Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика ғылымдары бойынша Швеция Орталық банкінің сыйлығы табысталады.