Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:25, 09 Мамыр 2025

Adidas пен Volkswagen нацистер билікке келуіне ықпал еткенін мойындады

Гитлер
Фото: ашық дереккөз

Германияның 49 ірі компаниясы, соның ішінде Adidas, Volkswagen, Bosch және BMW, 1930 жылдары Германияда ұлтшыл-социалистік режимнің билікке келуіне қолдау көрсеткенін мойындады.

 Бұл туралы Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымы хабарлады.

Тарихи жауапкершілікті мойындау

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына орай жарияланған ортақ мәлімдемеде компаниялар Гитлердің билікке келуіне бизнестің тікелей қатысы болғанын атап өтті.

«1933 жылы және одан кейін көптеген адамдар үнсіз қалды, бет бұрды. Бұл – біздің өткенге, бүгінге және болашаққа деген жауапкершілігімізді күшейтеді», – делінген мәлімдемеде.

Компаниялар мәлімдемесінде нацистік режим тарапынан жасалған қылмыстардың тарихи жадысын сақтау – тек мемлекеттің ғана емес, бизнестің де борышы екенін баса айтқан.

Мәлімдемеге кімдер қол қойды?

Құжатқа қол қойғандардың қатарында Bayer, BASF, Bosch, Evonik, Siemens, Deutsche Bahn, Lufthansa, Rheinmetall және Adidas, Volkswagen сынды алпауыт компаниялар бар. Бұлардың көпшілігі соғыс жылдарында нацистік Германиямен тығыз жұмыс істегені тарихи құжаттармен дәлелденген.

Айта кетейік, бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қарашаны – Америкадағы Ұлттық ардагерлер күні (Ұлыбританияда бұл күн Еске алу күні ретінде аталады) – Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялау туралы шешім қабылдаған болатын. Сонымен қатар, ол 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні ретінде ресми бекіту туралы жарлыққа қол қойған еді.

Тегтер: