Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:32, 27 Маусым 2024

АЭС-ке қатысты референдум биыл күзде өтеді

АЭС
Фото: Pixabay

АЭС салуға қатысты референдум биыл күзде өтеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Референдумның нақты күнін үкімет нақтылайды.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.

Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды, деді Президент.

Тегтер: