Тоқаев қыркүйекте Үндістан мен Оңтүстік Кореяға барады
Президенттің қыркүйектегі халықаралық сапарлары белгілі болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12–13 қыркүйек күндері Үндістанға жұмыс сапарымен барады. Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен XVIII БРИКС саммитіне қатысады.
Ақорда мәліметінше, Нью-Делиде Президент «БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. Жиын «Тұрақтылықты, инновацияларды, ынтымақтастық пен орнықтылықты нығайту» тақырыбына арналады.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модимен келіссөз жүргізіп, бірқатар мемлекет пен үкімет басшыларымен кездеседі.
Ал 14–16 қыркүйек аралығында Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барады. Бұл сапар Корея президенті Ли Чжэ Мённың шақыруымен өтеді.
15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейдегі келіссөздер ұйымдастырылады. Кездесуде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Сонымен қатар Тоқаев Кореяның ірі компанияларының басшыларымен кездеседі.
16 қыркүйекте Президент «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммитіне қатысады.