Саясат

Агенттік Мәнізоров ісі жөнінде: Барлық дәлелдер бар

Жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі Бағдат МӘНІЗОРОВҚА қатысты барлық дәлелдер бар екендігінайтты.

Агенттік Мәнізоров ісі жөнінде: Барлық дәлелдер бар

Бұл жөнінде Тengrinews.kzбасылымы ведомства басшысының бірінші орынбасары Олжас БЕКТЕНОВКЕ сілтеме жасапхабарлады.

Бектеновтыңсөзінше, Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігі Бас прокуратураның БағдатМәнізоровқа қатысты шығарған шешіміне қарсы шағымдануды алдағы уақытта дажалғастыратын болсады. Себебі аталмыш іске қатысты дәлелдер жеткілікті.

«Біз Баспрокуратураға арыз жібердік. Прокуратураның қандай шешім қабылдайтынын күтейік.Одан ары шағымданамыз, біздің оған құқығымыз бар. Барлық дәлелдер бар, өзпозициямыз бар, сол позициямызда тұрамыз», — деді Бектенов.

Алматы облысыәкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров қыркүйекте «қызмет бабын асыра пайдалануарқылы алаяқтықпен айналысты» деген айыппен ұсталған. Ақпан айында Баспрокуратура «істе қылмыстық факті жоқ» екендігін айтып, оны босатқан.

Жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі Бас прокуратураның бұл шешімімен келіспейді. БағдатМәнізоровтың «іс тапсырыспен жасалған» деп есептейді. Ал агенттік басшысы АликШПЕКБАЕВ «ешқандай тапсырыс жоқ екендігін» айтады.

Фото: Тengrinews.kz 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз