Саясат

Ахметов орынбасарларын әкім, әкімді орынбасары ете алады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ осыуақытқа дейін өзінің ауылшаруашылығы, жер қатынастары және ветеринария саласыбойынша орынбасары қызметін атқарып келген Шалқар БАЙБЕКОВТІ Бесқарағайауданының әкімі қызметіне тағайындады.

Ахметов орынбасарларын әкім, әкімді орынбасары ете алады

Ал бұған дейін осы ауданды басқарғанДәулет Бақытұлының қайда қызмет ауыстырғаны белгісіз. Алайда, айтпағымыз-ауданға жаңа әкім тағайындалғаны емес, Ахметовтің орынбасарлары болғаншенеуніктердің көбіне «аудан асып» кететіні туралы. Әр жылдардағы кадрлықтағайындауларына зер салсақ, Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫНЫҢ орынбасарлары өзіне ұнапбара жатса, бәлкім, ойынан шықпай «құлап» бара жатса, бір ауданның басшысынаайналдырып жіберетін өнеріне тәнті болмасқа шараң жоқ.

Айталық, қазір Ұлан ауданының әкімі қызметінде отырғанНұрымбет САҚТАҒАНОВ та бір кездері Ахметовтің орынбасары болатын. Тіпті,облысты Бердібек САПАРБАЕВ басқарып тұрған тұста «жай» орынбасар еді, кейінДаниал Кенжетайұлының жанында үш жыл (2015-2018 жылдары) бірінші орынбасарықызметін атқарып, «отқа салса жанбай, суға салса батпай» көзге түскен соңҰланды «уысына ұстап» бөлек шықты. Шындығында Сақтағанов Сапарбаевтан қалған «сарбаз»еді.

2019 жылдың сәуір айынан бері Зайсан ауданын басқарыпотырған, осы топырақтың тумасы Серік АҚТАНОВ та 2016-2019 жылдары ШҚО әкімініңорынбасары қызметінің «қызығын көрген» әкімдер қатарында. «ҚазАвтожол» ҰК-ныңШығыстағы филиалына басшылық жасап, «тыныш жүрген жерінен» үш жыл бұрын облысәкіміне қарай «жол тартты». Обалы нешік, былтыр Аягөз ауданы қыстың көзіқырауда жылусыз қалып, қала статусындағы аудан орталығының халқы ескіқазандықтың кесірінен, қалтырап жатқанда Ақтановтың жарғақ құлағы жастыққатиген жоқ. Аягөз бен Өскеменннің арасында тынымсыз шапқылап, мәселені шешкендейболып еді. Күн жылынысымен Зайсан ауданының әкімі қызметіне тағайындалып,ауылына қыр асып кете барды.

Қазір Өскемен қаласының әкімі қызметінде отырған ЖақсылықОМАР негізінде облысты Бердібек Сапарбаев басқарған кезден тасы өрге домалағаншенеунік. Мәдениет басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары қызметінатқарған ол өңірді басқаруға Даниал Ахметов келгенде де бірер жыл қасынантабылды. 2016 жылдың соңына қарай Алматы облысы әкімінің орынбасары болыпауысқанымен, 2018 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының әкімі қызметіне қайтаоралды. Қызығы сол, бүгінгі күнде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіндеотырған Ерлан АЙМҰҚАШЕВ те 2016-2017 жылдары Өскемен қаласының әкімі болған.

Биылғы жылдың 11 қарашасында Шығыс өңірді басқарғанына 5жылдың жүзі болатын Даниал Ахметовтің «свежий» орынбасары болып жанынажақындап, аудан әкімдерінің арасынан «бағы жанған» әзірге Бақытжан БАЙАХМЕТОВқана. Аягөз қаласының, Ұлан ауданының, кейінгі бес жыл бойы Аягөз ауданыныңәкімі қызметін атқарған Бақытжан КӘКЕНҚАЖЫҰЛЫ облыс әкімінің орынбасарықызметіне биыл сәуір айында жоғарылап келді. Алайда, өзі туып өскен Аягөзауданының ауылдары мен аудан орталығында ауыз су тапшылығы орын алып,жерлестерінің қазір жер шұқып жүрген жайы бар. Бұл туралы «Жасалаш»газетінде бірнеше рет жазылғандықтан әрі «қалдырған ізі» құзырлыоргандарда тексеріліп жатқандықтан, қайтадан тәптіштемей-ақ қоялық. Бастысыоблыс әкімі Д. Ахметовтің орынбасарларын ауданға «қуып», ауданда «аузын ашыпжүргенді» өзіне орынбасары етіп алатын «тәсілі» таңқалдырады.  

Фото: ernur.kz      

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз