Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:18, 06 Мамыр 2024

Ахметжан Есімовтың қызы Forbes тізіміне енді

а
Фото: из открытых источников

Forbes.kz Қазақстандағы ең дәулетті 75 адамның тізімін жариялады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Бұған дейін аталған рейтингте 50 адамның тізімі берілсе, биылдан бастап ең дәулетті 75 адам тізімделмек. Биылғы рейтингкте «қайта оралған» 7 олигарх және жаңадан қосылған 19 есім бар.

Олардың көпшілігі қоғамда бұрыннан танымал. Тізімге жаңадан қосылғандардың екеуі – өткен жылы өз компаниясын Қазақстанға көшіріп, Қазақстан азаматтығын алған InDrive негізін қалаушы Арсен Томский мен Швейцарияда тіркелген сауда және логистикалық Harvest Group компаниясының негізін қалаушы Алмаз Әлсенов, деп жазады басылым.

Жаңа тізімнің қатарында Самұрық-Қазына қорының тізгінін ұстаған, Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтың қызы -  Айжан Есім де бар.

Ол Forbes тізімінде $207 000 000 табыспен 44 орында тұр. 

Айжан Есімнің байлығының қомақты бөлігі оның 2021 жылы британдық Kazphosphate Limited компаниясы арқылы Ғалымжан Есеновпен бірге (№15 рейтинг) акционері болған «Қазфосфат» ЖШС сатудан түскен үлесіне тиесілі. Сондай-ақ «Спорт Центр» ЖШС (KRIDA фитнес-клуб) және Петропавл нан-тоқаш зауытында акциялары бар, деп жазады Forbes Kazakhstan.

Айжан Есімнен бөлек тізімде үш әйелдің аты аталады. Олар экс-президенттің екі қызы Динара Құлыбаева мен Дариға Назарбаева және рейтингке жаңадан қосылған Раушан Сағдиева.

Динара Құлыбаеа $5 000 000 000 табысымен тізімнің екінші сатысында, ал Дариға Нұрсұлтанқызы $590 000 000 табысымен 15 - сатыда тұр.

Фото: almaty-marathon.kz