Айтыскерлер Тоқаев кандидатурасын қолдады
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы«Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫ қолдайды.
Бұл туралы 24 сәуірдеАлматыда өткен одақ құрылтайында айтылды деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Бұдан бұрынбейресми түрде кей ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде одақ төрағасыЖүрсін ЕРМАН президент сайлауына түсуі мүмкін леген ақпарат тараған. Бірақ,Ерман құрылтайда президент сайлауына кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеді.
Бірақ, ақын сайлауға түсу туралы ойының болғанын жасырған жоқ. Ерман, тіпті,президенттік сайлауға президент болу үшін емес, халвықтың, биліктің назарын айтыспен жыр-терме өнеріне аудару үшін түскісі келгенін де жасырмайды. Ол осықұрылтайға дейін Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕКПЕН кездескен. Солкездесу туралы:
"Әкімайтысты сіз сайлауға түспесеңіз де қолдаймыз деп уәде берді", — дейдіЖүрсін Ерман.
Айта кету керек, Қазақстанныңқазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 23 сәуірде «Нұр Отан»партиясы президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған. Одан басқа "Ұлыдала қырандары" республикалық қозғалысы Сәдібек Түгелді, ҚазақстанРеспубликасы кәсіподақтар федерациясынан (ҚРКФ) Амангелді Таспиховті,«Ақжол» партиясы мәжіліс депутаты Дания Еспаеваны президент сайлауынакандидат ретінде ұсынды..
Кандидаттардыұсыну 28 сәуірде аяқталады.
Фото: azattyq.org