Оқиғалар

«Ақ жол» партиясының кандидаттары Теміртауда тұрғындармен кездесті

Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр.

Ақ Жол

 

 «Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ермек Әбілдин, Марал Елубаева және Артур Кинсфатер Теміртау қаласына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерді талқылады.

Басқосуда Теміртаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешудің ықтимал жолдары жөнінде пікір алмасылды. Тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салып, кандидаттарға сауалдарын қойды.

«Ақ жол» партиясының өкілдері сайлауалды бағдарламада қамтылған бастамаларға тоқталып, көтерілген мәселелерді шешуге қатысты өз ұсыныстарын айтты.

Партия кандидаттарының өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында жалғасып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз