Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:11, 25 Қаңтар 2024

Ақын Қалқаман Сарин лауазымды қызметке тағайындалды

Қалқаман Сарин
Фото: из открытых источников

Ақын Қалқаман Сарин лауазымды қызметке тағайындалды. Бұл туралы ақын Серікзат Дүйсенғазин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

"Ағайын, бүгін Қалқаман Сарин досым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Абыройлы қызмет болсын деп тілеймін!", – деп жазды Дүйсенғазин.

Айта кетейік, Қалқаман  Сарин ақын, 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Арқат ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, Мемлекеттік Көңілді тапқырлар клубының редакторлық қызметімен қоса, Астана арнасындағы «Кеш емес» ток-шоуында жүргізуші болып істеген. Ал кейінгі жылдары "Шалқар" ұлттық радиосының директоры (2018-2019 ж.ж.) қызметін атқарса, сонан соң Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы болды (2019-2023 ж.ж.).